ҚР СІМ Астана келіссөздерін қорытындылады

ҚР СІМ Астана келіссөздерін қорытындылады
16 наурыз, 20:00

Үшінші рет өткізілген Астана процесі Сириядағы ахуалды тұрақтандыруға оң әсерін тигізбек. Бүгін Сыртқы істер министрлігі екі күндік келіссөздердің қорытындысын жариялады.

Жиынға қатысушылар Сириядағы соғысты тоқтату, тұтқындардың тағдыры мен осы елдегі ЮНЕСКО нысандарын минадан тазарту мәселелерін талқылады. Кездесу соңынан кепіл мемлекеттер соғысты тоқтатуға қатысты шараларды нығайту туралы біріккен шешім қабылдады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астана процесінің Женева келіссөздерін толықтырушы ретіндегі ерекше рөлін атап өтті. Ал делегаттар Сириядағы дағдарысты талқылап жатқанда Дамаскде екі бірдей теракт болып, отыздан астам адам қаза тапты. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл шабуылдарды Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға қарсы жасалған әрекет деп бағалады.

Саламат ОМАШ