Ж.Жақиянов белбеуден айырылды

Ж.Жақиянов белбеуден айырылды
16 наурыз, 20:00

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуден бас тартты. Вести.кз сайтына берген сұхбатында былғары қолғап шебері негізгі белбеу үшін жарнаны ғана төлегенін жеткізіпті.

Жақияновтың айтуынша, бұл мәселе жекпе-жекке дейін шешіліп қойған. Қазір IBO белбеуі иесіз тұр. Ал бұл салмақ дәрежесінде рейтингте Джейми МакДонелл көш бастады.

Еске салайық, чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорреннен тартып алған еді. Қазір қазақстандық боксшының еншісінде тек жеңіл салмақтағы WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі қалды.