Батыс Қазақстанда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады

Батыс Қазақстанда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады
17 наурыз, 20:00

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңыздағы тас жолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы облыстық Көліктік бақылау инспекциясының өкілдері айтты. Мұндай шара еліміздің әр өңірінің табиғи ерекшелігіне байланысты түрлі уақытта қолданылады.

Батыс Қазақстанда шектеу 23 наурыздан 1 мамырға дейін жалғаспақ. Өйткені күн жылынып, қар еріген кезде, топырақ ылғал тартып, жолдың жоғарғы қабаты тез бүлінеді. Бұған ауыр жүк көліктерінің де әсері үлкен. Жолдағы қозғалыс осы мақсатта шектеліп отыр. Бірақ облыс аумағымен өтетін көліктердің саны жыл санап көбейіп келеді. Өткені жылы Батыс Қазақстан облысы аумағынан 17 мыңға тарта көлік өткен. «Самара-Шымкент» тас жолында 487 заңбұзушылық тіркеліп, 73 миллион теңге айыппұл салынған.

Мәлік Дәулетияров, "БҚО көліктік бақылау инспекциясы" РММ бас маманы:

Бұл шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қауіпті жүк тасымалына және халықаралық бағытқа аттанған жүк көліктеріне қойылмайды.