Мамандықтар жіктеуіші қабылданбаған. Алайда...

Мамандықтар жіктеуіші қабылданбаған. Алайда...
18 наурыз, 20:00

Өткен аптаның соңында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыда бір топ зиялы қауыммен кездескен. Министрліктің фэйсбук әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда былай деп жазылыпты: Кездесу барысында министр жұртшылықты алаңдатқан сауал - мамандықтар жіктеуішіне (классификаторы) тоқталды. Бұл құжат 2011 жылдан бастап талқыға түсіп жатқанын еске салған Ерлан Сағадиев министрлік маңызды құжаттарды көпшілік талқысына салмай енгізбейтінін айтты.

Біз сол жиынға қатысқан, Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижаннан не айтылғанын сұрадық. Былай деді:

Уәлихан Қалижан, Әдебиет және өнер институтының директоры: 

Мен ұсыныс бердім – мұндай мәселелерді министрдің көзқарасы ретінде беруге болмайды. Министрлік жанынан кеңес құру керек... Қазақ қоғамында мәселе туса, сонда талқылап барып, халыққа ұсыну керек...Классификаторды қайта дайындау керек. Онда мемлекеттік тілдің мәртебесін айғақтау керек. Нақтылау керек. Көрсету керек... «Дайындалды» деген классификатордың алғашқы беті жоқ етін. Қазақ тілі де, әдебиет те мамандары дайындалатын бұрынғы классификаторды қатысқандардың бәрі көрді, ол әлі күшінде.

Аталған реттегішке байланысты сын пікір білдірген Айгүл Ісмақовадан да сұхбат алдық. Бәрін беруге уақыт тапшы. Мына жерлерін тыңдаңыз. Білім саласында реформалар жүргізгенде жағдайды әбден таразылау, жаңаға дайындалу, фундаментті үгітіліп түспейтіндей, үйді шайқамайтындай етіп құю. Біз айтып жүрген байламмен қабысады.  

Айгүл Ісмақова, филология ғылымдарының докторы, профессоры:

ЖОО-да Қазақстан тарихы қазақ балаларына ағылшын тілінде оқытылады, не үшін? Екіншіден, елдің балалары бәрі бірдей ғылымға бармайды. Иә, түсінемін, жоғарғы және орта оқу орындарында студенттер ағылшын тілін меңгеруі керек. Жалпы елдің бәрі...  Мүмкін біреу фермер болатын шығар. Мұғалім де жоқ ғой... Сіздер кедей емессіздер, не болды дейді, әріптестерім... Паровозды тоқтатып қойып, машинистің өзі жүгіргені сияқты деді...