ЖОО-да оқытушылық-профессорлық құрамның ғылыми дәрежесі 50,4 пайызды құрайды

ЖОО-да оқытушылық-профессорлық құрамның ғылыми дәрежесі 50,4 пайызды құрайды
10 сәуір, 20:00

Жоғарғы оқу орындарында оқытушылық-профессорлық құрамның ғылыми дәрежесі төмен деңгейде. Небәрі 50 пайыздан сәл ақ астам. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының өнімі тек  0,1 пайызға саудаланған. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында өткен «Білім» бағыты бойынша комиссияның кезекті отырысында айтылды. Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков осындай мысал келтіре оытырып, қолға алынып жатқан оңды бастамалар бар. Бірақ, проблемаларды жылы жауып қоюға болмайды,- дегенді айтты.

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Білім беру бағдарламалары нарықтың сұранысына сай емес. Студенттерді үш тілде оқыту деңгейі төмен. ЖОО-ның ғылыми мүмкіндігі толық қолданылмай отыр. Бейінді докторантураға гранттар бөлінбейді. Түлектерді жұмысқа орналастыру, өңірлерден келіп оқитын студенттердің жатақхана мәселесі толық шешілмеген.