Ярослава Шведова Канадаға қарсы плей-офф кезеңіндегі ойынға өз бағасын берді

Ярослава Шведова Канадаға қарсы плей-офф кезеңіндегі ойынға өз бағасын берді
10 сәуір, 20:00

Қазақстандық теннисшілер Қытай құрамасын жеңіп, Дэвис кубогы аясында плей-офф кезеңіне жолдама алды. Екі күндік ойын есебі 3:0. Аспан асты елінің ойыншылары тек бір ұпай еншілей алды. Ал, құраманың жас ойыншысы Дмитрий Попко өзінің екінші кездесуін жеңіспен аяқтап отыр. Нәтижесінде күзде қазақстандықтардың элитада ойын өрнегін көрсететін мүмкіндігі бар. Осы топта ойын көрсету әйелдер құрамасына да жүктелді. Біздің теннисшілер жақын арада федерация кубогы аясында плей-офф кезеңінде Канадаға қарсы ойнамақ.

Ярослава Шведова, теннистен ҚР ұлттық құрама мүшесі:

Бізде жақсы мүмкіндіктер бар. Қолдан келгенді жасап, жеңіске жетуіміз керек. Аянып қалуға жол жоқ, сондықтан барымызды салып, дайындық жұмыстарын жүргіземіз.