Бие сүтінен сусабынды Еуропада шығарып, Еуропаға сатамыз...

Бие сүтінен сусабынды Еуропада шығарып, Еуропаға сатамыз...
15 сәуір, 20:00

Дүниежүзілік косметикалық өнім нарығындағы 400 млрд доллардың 2 млрд-ы кейбір есептерге қарағанда, біздің елімізде айналады екен. Бірақ қомақты пайда сыртқа кетіп жатыр. Саумалдан сусабын жасаған әжелеріміз құрлы жоқпыз. Рецептін тапқан отандық фирма шампуньді ...Еуропада дайындап, Еуропаға сатады. Мәселені талдау барысында музейге барған, өнім өндірушілер, косметика өнімдерін саудалаушылар, косметологтар және «Астана» арнасының жүргізушісі Оксана Петерспен сөйлескен Гүлбарам Меңдееваның материалы. 

Гүлбарам Меңдеева, тілші:

Косметика бүгін, не кеше пайда болған жоқ. Оның әлемдік тарихы сонау қола дәуірінен басталады. Ал біздің жерде 2 700 жыл бұрын қыз-келіншектердің бояу қолданғанын археологтар қазба жұмыстары кезінде анықтаған.

Ұлан Үмітқалиұлы,  археолог-этнограф:

Орта ғасырлардағы Сауран қаласында, Отырар қаласында кейбір қазбаларында ыдыстар түбінен әртүрлі жұғындылар табылып жатыр. Баласағұн қаласының қазбасында құтының түбінен жұғындылар табылған болатын. Қандай май, қандай мақсатта жағылған ол мүмкін иіс шығару үшін шығар, мүмкін түс алу үшін шығар? Бұл жан-жақты зерттелмей тұр.

Тіршілігі мал шаруашылығымен байланысқан қазақтар бұрын малдың сүті мен өтінен жасалған жақпаларды қолданған. Қымызға түсіп, саумалмен бас жуу қазір Еуропа үшін жаңалық болып жатыр. Германия құрғақ жылқы сүтін Қазақстаннан импорттауды қолға алмақ. Ал кәсіпкер Александр ерінбей қазақы ескі рецептіні тапқан. Отандық косметика шығаратын кәсіпкер өніміне Еуропада сұраныс жоғары көрінеді.

Александр Корнев, кәсіпкер:

Кстати шампунь с кобыльем молоком знаете? Это старый казахский рецепт, степной. Вот мы выкопали и мы из него сделали шампунь. Кобылье молоко местная. Покупаем у одной компаний. Первая партий уже продовались в Европе. Правда производим там же.

Александр өнімдерін тек шетелге экспорттайды. Жылқы сүтінен басқа қоспалар - импорт.

-Это маленький термос т.е.в холодильник выложите,  вынимаете, можете на работу, ну если вам нужно и до самого вечера будет прохладной. т.е. не испортится.  

Отандық косметиканы дамытуға бел буған кәсіпкерлердің көбі табиғи таза өнім шығаруды көздейді. Сондықтан сақтау мерзімдері шектеулі. Мамандығы химик Сәуле Мұсаева шығаратын бренд Оңтүстік пен батыс өңірлерінде сұранысқа ие көрінеді. Шикізат табиғи. Сондықтан тоңазытқышта сақталады. Ол бетке, көз маңайына жағатын түрлі крем, маскалар. Шикізатты Оңтүстік өңірдің шипалы шөптерінен жасайды. Мақсаты – өзіміздің нарықты қамту. Бірақ отандық өнімдердің ешбірін дүкен сөрелерінен кездестірмейсіз.

Сәуле Мұсаева, кәсіпкер:

Сетьпен тарайтын өнім емес. Себебі тоңазытқышта тұратын табиғи өнімдер консервациясы. Сондықтан оны тікелей келіп, өндірістен алып кетіп әрі қарай тарататын өнім.  

Ал Александр өнімін әу баста отандық нарыққа шығармақ болады. Алайда, бірқатар мәселемен бет-бет келгенін айтады.

Александр Корнев, кәсіпкер:

Қазақстандық нарық біздің өнімімізді сатып ала алмайды. Өйткені, қымбат. Оның өзіндік құны сондай. Ал біздің өнімді сатқысы келетіндер жоқ. Желілік дүкендерге өніміміз тоңызытқышта  белгілі-бір температурада, әрі аз уақыт сақталуы керек болғандықтан қойылмайды. Сақтау мерзімі 40 –ақ күн. Бұл кезде тауар сатылып кетпейді. Сондықтан жергілікті сатушылар бізбен жұмыс істеуге құлықсыз.

Дүкендер желісінің сатушылары бұл проблеманы жоққа шығармайды. Отандық өнім өтпей қалады. Олар үшін нанотехнологиялардың арқасында 3-5 жылға дейін сақталатын импорттық тауарды сату тиімді. Отандық өнімнің дүкен сөрелерінде жоқ болуы сондықтан.

Айман Нұртай, дүкендер желісінің аймақтық директоры:

Отандық косметика біздің желіде қол тырнағындағы лакты кетіретін сұйықтық қана қолданамыз. Содан басқа бізде қолданыста өнімдер жоқ. Неге? Өйткені бізге 1-2 рет өндірушілер келді. Бірақ сақтау мерзімі өте кішкентай болғандықтан біз оларды алмадық., Сақтау мерзімі 6 айға дейін ол кісілерде.  

Косметологтар да отандық өнімдерді қолданбайтындарын айтады.  

Гүлнар Абеуова, косметолог:

Соңғы кезде Ресейден тапсырыс беріп жүрміз. Өйткені олардың зауыттары бар, зертханасы бар. Біз алдымен оның құрамы мен сапасына мән береміз. Ал бізге отандық өнімдерді ешкім ұсынған емес. Олар туралы естіген де жоқпыз.

Косметика саласында талай жыл жұмыс істеп жүрген мамандар еуропалықтарға қарағанда қазақстандықтардың бет күтіміне аса мән беретінін айтады. 

Айман Нұртай, дүкендер желісінің аймақтық директоры:

Бізде көп қолданады. Сондықтан мүмкін шетелдік өндірушілер бізге қарай көп өндіріс шығарады, жібереді тауарларын. Өйткені бізде жақсы сұраныс бар, тұтынушылар жақсы алады. Әркім әрқалай алады. Кейбіреулер мыңдап, кейбірі 5-6 мыңға, ал кейбіреулер жарты миллионға дейін алуы мүмкін.  

Гүлбарам Меңдеева, тілші:

Қалтасы көтереді-ау деген қыз-келіншектердің косметикаға қанша қаржы жұмсайтынын есептеп көрелік. Бетке арналған күндізгі және түнгі крем. Қолға, көзге арналған крем. Әрлейтін крем, опа, ерін далабы, көз бояуы, сүрме және иіссу. Сонда бір әйел 2-3 айда шамамен 25 мың теңге жұмсайды. Ал қазір косметиканы қыз-келіншектер ғана емес, ерлер мен балалар да қолданады. 

Бізге косметиканың  95 пайызы шетелден экспортталады. Тек 5 пайызы ғана отандық өнім. Оның ішінде гигиеналық заттар басым. Ал негізгі экспорттаушы ел - Ресей, Ирландия, Германия мен Польша. Өткен жылы 54 мың тоннаның заты 277 миллион долларға жеткізілген. Қазақстанның экспорты жоқ емес. Бірақ аз. Өткен жылы 2 мың тонна косметикалық және гигиеналық зат 23 миллион долларға экспортталған. Ол негізінен Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркменстанға жіберілген. 

Ольга Нужнова, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Экспортты дамыту жөніндегі қызмет менеджері:

Косметикалық заттардың әлемдік нарықтағы көлемі 400 миллиард доллар. Бұрынғыдай бұл нарықта өндірушілер арасында тұтынушы үшін, тұтынушы қаражаты мен олардың назарын аудару үшін бәсеке жоғары.

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі, кәсіпкер Бақытжан Тілеуімбетұлының айтуынша, қазақстандық әйелдердің косметикаға сұранысы 2 миллиард долларға жуықтайды. Қаражат интернет сауда арқылы да шетел асып жатыр. Сондықтан өзі де отандық косметиканы дамытуды қолға алған. Бірақ, қордаланған мәселелер көп дейді.

Бақытжан Тілеуімбетұлы – «АТАМЕКЕН» ҰК палатасының мүшесі, кәсіпкер

Қазақстан нарығы 2 млрд долларға жететін болса, неғып сұраныс жоқ деуге болады. Бірақ бұны істеу үшін бірінші маман керек. 12-14 химия бар, физиология, медицина бар. Технологиялар бар, машина, оборудование, процесс апппараты бұл үлкен нәрсе. Екінші, компетенция керек, Үшінші, оборудование, енді оны сатып алуға болады. Үшінші, культура традиций жоқ косметики. Мысалы, Франция, Испания косметикасы 500-700 жылдан асса, мыңдаған жыл Корея мен Жапония қолданады.  

Ольга Нужнова, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Экспортты дамыту жөніндегі қызмет менеджері:

Ішкі өндіріс нарық көлемінің тарлығы мен қажетті қондырғыылардың қымбаттығына байланысты дамымай отыр. Кейбіріне шикізат жетіспейді. Косметика шығаруға мол қаржы керек, сынақтан өткізуге, серификат, рұқсат қағаздарын алуға ұзақ уақыт қажет.  

Біз сұхбаттасқан кәсіпкерлердің де қаржыдан қысылып жүрген жайы бар. Сәуле Мұсаева жақында «Даму» қорынан ақша алып, тағы бір цех ашуды жоспарлап отыр. Ал Александр қордан қаражат ала алмай жүргенін айтты. Шикізатты өзі шығаратын жағдайға жетсе, ішкі нарыққа да өнім шығарар еді.

Александр Корнев, кәсіпкер:

Біз қымбат қондырғылар алып, қажетті биомайлар мен түрлі жеміс шикізатын өсіруді көздеп отырмыз. Ол кезде бағаны арзандатып, өз нарығымызға шығуымыз мүмкін. Бірақ жалға алатын шаршы метр бағасы арзандатылса. Өйткені бізде жалға алу құны қымбат. Мысалы, Лондонда кісі қарасы көп болатын сауда орындарында  жалға алу біздікінен 2 есе арзан.

- Бұл өнімдердің ішінде лоск, перга, прополис тұнбасы, басқа да заттар бар ара өнімдері.

Ал біздің арнаның тележүргізушісі Оксана Петерс ештеңеге бас қатырмайды. Терісін күтудің өз құпиясы бар. 100 түрлі май мен бал, ара өнімдерін 4 жыл сынаған. Қымбат бренд - заттарды пайдаланып көрген. Импорттық тауардан көңілі қалған Оксана, 2 жылдан бері кремнің түр-түрін өзі жасайды.

Оксана Петерс, тележүргізуші:

Өзім осыған дейін жылдар бойы пайдаланған, дүкендерден сатып алынған косметика қанша жыл ішінде, өзіме келетін болсам мен ешқандай оның эффектісін, әсерін сезген жоқпын. Ал бір қызығы, өз қолыңмен жасалған кремнің әсері 1-2 айдан кейін анық сезіледі.

Оксананың айтуынша, табиғи косметика тек 1 ай ғана сақталады. Ол сол аралықта ғана пайдасын жоймайды. Үйде жасалатын жақпа майдың бағасы импорттық тауардан біршама қымбатқа шығады. Бірақ, нәтижелі дейді.

Оксана Петерс, тележүргізуші:

Осыған дейін туыс, достар, таныстар маған сыйға тартса, қазір керісінше, өзім сыйға тартамын. Кей жерге қонаққа барсам, туған күнге барсам да өзім жасаған кремді ала келем. Бұл -менің хоббиім. Уақыт болса, бірден крем дайындауға арнаймын.  

Оксананың хоббиін бизнеске айналдыру ойы бар. Тек көп ізденіс пен тәжірибені, инновация мен қоақты қаржыны  қажет ететін салаға үкімет көңіл бөлсе ғана қолға алып көрмек. Әйтпесе, құр әшейін жүгіріс болып шығады.

Гүлбарам Меңдеева, «Біздің уақыт».