Лауазымды қызметкерлер өз біліксіздігін табиғат апатынан көреді - М.Тағымов

Лауазымды қызметкерлер өз біліксіздігін табиғат апатынан көреді - М.Тағымов
20 сәуір, 20:00

Шенеуніктер өз біліксіздігін табиғат апатынан көреді. Олардың жауап беретін күні келе ме? Сенатор Марат Тағымов Үкімет басшысына осылай деп сауал жолдады. Оның айтуынша, атқарушы орган жылда депутаттар алдында төтенше жағдайдың алдын алу үшін қыруар қаражат бөлуді қорғап шығады. Алайда, қайғылы жағдай жылда қайталанады. Биылғы су тасқынан ел бойынша 5 мың шаруа қожалығының жұмысы құрдымға кеткен. Ақмола, Ақтөбе облыстарында мыңнан астам үйді су шайып кетті. Депутат енді тұрғындар шығынын кім өтейтінін сұрады.

Марат Тағымов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Отандастамызды толғандырып отырған екі мәселе туындап отыр. Біріншіден, қиын жағдайға душар болғандарға Үкімет тарапынынан қандай жәрдем көрсетіледі? Мұнадай жағдай орын алмау үшін, Үкімет қандай шараларды қолға алмақшы?

Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға бір күндік жалақыларын аударған. Алайда, 47 депутаттың қанша сома бергені белгісіз. Өйткені жалақы көлемін ешкімнің айтқысы жоқ.

Мы получаем зарплату соответственно проработанному времени согласно ответственности. Я уточню, потом вам скажу.