Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етті

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етті
10 мамыр, 20:00

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етті. Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойды. 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі күнінде Елбасы ардагерлерді құттықтап, қазіргі бейбіт өмір үшін оларға айрықша алғысын айтты. Қарт майдангерлердің жауға қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығын да атап өтті. Президент Екінші дүниежүзілік соғыстың ондаған миллион адамның өмірі қиылған ең қанқұйлы кезең ретінде адамзат тарихында қалатынын айтты. "Ардагерлерге деген құрметіміз олардың ұлы ерлігінен кем түспеуі тиіс", - деді. "Отан Ана" монументі алдындағы мәңгілік алауға тағзым етуге еліміздің саяси элитасы түгел жиналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Отан қорғаушылар монументінің алдында гүл шоғын қою - қаза тапқан бабаларымызға тағзым. Тірі жүргендерге ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан ол кезде 6 млн халқы бар мемлекет еді. Соның 1,8 млн азаматы соғысқа барып, тең жартысы қайтқан жоқ. Біздің ел майданда да, тылда да қолынан келгенше өз қызметін істеді.

Бүгінде Астанада 121 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Олардың алды жүз жасқа келген. Жеңіс күні қарсаңында ардаргерлерге бір реттік төлем ретінде 500 мың теңгеден үлестірілді.

Жеріміз қорғанды болсын, Отанымыз орманды болсын, Бақыт, дәулет, тиыштық, бола берсін халықтарға. 



Смотрите также