Т.Мэй Сирияға қатысты Астаналық келіссөздер үрдісін қолдайды

Т.Мэй Сирияға қатысты Астаналық келіссөздер үрдісін қолдайды
10 мамыр, 20:00

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Сирия мәселесіне қатысты Астана-4 келіссөзін қолдайды. Бұл туралы британ үкіметі басшысының ресми өкіліне сілтеме жасап, РИА-Новости хабарлады. Мэй кепіл-елдермен өткен кездесуге қатысты көзқарасын Түрік президенті  Ердоғанмен телефон арқылы болған әңгімесінде айтқан. Ол келіссөздердің Қазақстанда өтуі маңызды деп санайды.

Айта кетейік, Астана келіссөздері кезінде кепіл-елдер арасында Сириядағы текетіресті төмендететін төрт аумақ құру туралы меморандум қабылданды. Құжатқа сәйкес, мамырдың 6-сынан бастап елде әскери белсенділікке тыйым салынды. Бүгін АҚШ-тың Сирияға қарсы санкциясының тағы бір жылға ұзартылғаны белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат пен экономикаға төнетін қауіп-қатерге жауап ретінде Құрама Штаттары 2004 жылы санкция енгізу туралы шешім қабылдаған.




Смотрите также