«Қазком» «Халық банкінің» еншілесі болуы мүмкін

«Қазком» «Халық банкінің» еншілесі болуы мүмкін
16 мамыр, 20:00

Әзірбайжан халықаралық банкіндегі қауіп 2014 жылы-ақ сезілген. "Халық банкі" АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова осылай деп отыр.  Оның айтуынша, "Халық банктің" де Әзірбайжан халықаралық банкінде облигациялары болған. Бірақ 10 миллион долларды қаржы институтындағы қиыншылықты сезген бойда дереу қайтарған. Сондықтан жинақтаушы зейнетақы қорының әрекетін түсіне алмай отырғанын айтты.

Үміт Шаяхметова, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы:

Біз барлық позиция бойынша шығын көрген жоқпыз. Біздің банк өз активтерін орналастырарда жан-жақты болжамдар жасап қана әрекет етеді. Әзірбайжан халықаралық банкіне 253 миллион АҚШ долларын салып, оның тәуекелдерін есептемеген менеджментке мен де таң қалып отырмын. Халық банкі аталған шетелдік банкке 15 млн АҚШ долларын салған болатын. Бірақ біз дер кезінде оны пайдамен қайтарып алдық.

Баспасөз мәслихатында "Халық банктің" басқарушы төрайымы «Қазком» «Халық банкінің»  еншілесі болуы мүмкін екенін де айтты. Қазір нақты мәміле жасалмаған. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Ол үшін сырттан аудиторлар шақырылған. «Қазком» қазір  қосымша акция шығарады. Мәміле жүзеге асқан жағдайда "Халық банкі" "Қазкомды" капитализация барысында акциялары арқылы сатып алмақ. Бірақ бұл қадам банктер қосылады дегенді білдірмейді, - деді "Халық банктің" басқарма төрайымы.

Айгүл ЕРМАХАН



Смотрите также