Әлемдегі ең қымбат сырға шамамен 57,5 млн долларға сатылды

Әлемдегі ең қымбат сырға шамамен 57,5 млн долларға сатылды
17 мамыр, 20:00

Әлемдегі ең қымбат сырға шамамен 57 жарым миллион долларға сатылды. "Аполлон" және "Артемида" гауһар тастарымен көмкерілген әшекей "Сотбис" аукицонында қойылған. Бағасы қымбат болғандықтан, сырғаның әрқайсысы бөлек сатылды. Алдын ала бағалауда әшекей құны 50 мен 70 миллион доллар аралығында болған. Бірақ екі бөлек өткен лотта сырғаны бір адам сатып алғаны белгілі болды. Ол есімін жарияламай отыр. Оның тек Азия тұрғыны екені ғана белгілі.

Лот бұрынғы рекордты жаңартты. Бұған дейін "Махаббат айнасы" атты гаухар тасты сырға 17,7 миллион долларға сатылған.