Бөгенбай батырдың айбалтасы мен кісе белдігі тарихи музейге қойылды

Бөгенбай батырдың айбалтасы мен кісе белдігі тарихи музейге қойылды
18 мамыр, 20:00

Сүйінші. Қанжығалы Бөгенбай батырдың айбалтасы мен кісе белдігі Қарулы күштердің тарихи музейіне қойылды. Атасының жәдігерлерін келіні Фатима Жұмақазықызы сақтап келген. Ол батырдың жетінші ұрпағы Әлихан Табайұлының жұбайы.

Айбалта - батырдың қалмаққа қарсы көтерген бес қаруының бірі болған. Сондықтан да ол тек батыр бабамыздың ұрпақтарының ғана емес, барша қазақтың құндылығы. Қанжығалы Бөгенбай жүзден астам шайқасқа қатысып, жау қолынан жеңіліп көрмеген батыр. Үш жүздің бас қолбасшысы. Ол өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін ел ішінде «Қанжығалының 40 батыры» атанып кеткен.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

Бір айға ма, берілді. Сосын сол уақыттың ішінде біз сол айбалтасының көшірмесін дәл жасатамыз, сосын оны орнына қоямыз. Енді жәдігерді біз Фатима Жұмағызықызынан сұрадық. Ол кісі - 91 жастан асқан кісі. Әлихан Табайұлы атамыздың зайыбы, ол кісі марқұм болды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ 



Смотрите также