Астанада «Әл Фейсал: әділдік пен батылдық жолы» деген атаумен көрме ашылды

Астанада «Әл Фейсал: әділдік пен батылдық жолы» деген атаумен көрме ашылды
18 мамыр, 20:00

"Әл Фейсал: әділдік пен батылдық жолы". Астанада осындай атаумен көрме ашылды. Бұл  шара Сауд Арабиясының королі Фейсал Ибн Абдул Азиз әл Саудтың өмірі мен қызметіне арналған. Ерекше көрмені ұйымдастырған Король Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығы. Аталған орталық исламның әлем тарихындағы орны мен рөлін зерттейді.

Көрменің ашылу салтанатына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Орталық басшысы, ханзада Түрки Әл Фейсал Қазақстан басшысына зор алғыс білдірді. Сауд Арабиясын король Фейсал басқарған 11 жылда қоғам өміріндегі барлық салаға оң ықпал еткен ауқымды реформалар жүргізілді. Көрмеге қойылған жәдігерлер осы кезеңдегі елдің тыныс-тіршілігін сездіреді. Шара барысында "Әл Фейсал: әділдік пен батылдық жолы" кітабы көпшілікке ұсынылды.

Түрки әл-Фейсал әл Сауд, Король Фейсал атындағы исламды зерттеу орталығының басқарма төрағасы:

Сауд Арабиясы корольдігі мен Қазақстанның өзара әріптестігі жақсы дамып келеді. Мұндай көрме шет мемлекеттер арасында алғаш рет Қазақстанда өткізіліп жатыр. Екі елді тек дипломатиялық қарым-қатынас пен сауда-саттық қана байланыстырмауы керек. Мәдени құндылықтар арта түседі деген сенімдемін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА 



Смотрите также