Таяу Шығыстағы дағдарыс Қазақстанға кері әсер етеді - Т.Сүлейменов

Таяу Шығыстағы дағдарыс Қазақстанға кері әсер етеді  - Т.Сүлейменов
16 маусым, 20:00

Таяу Шығыстағы кризистің жағымсыз сценарийі орындалатын болса, онда қара алтын құны құлдырап, нарықта «күйгелектік» пайда болуы мүмкін. «Астана» арнасының сұрағына жауап берген Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай деді. Оның пікірінше, бірнеше араб елдерінің Катармен байланысын үзуі мұнай өндірісін қысқарту туралы ОПЕК келісіміне қауіп төндіріп тұр. Сарапшылар, Таяу Шығыстағы жағдай баррельдің құлдырауына әкелуі мүмкін деп болжайды. Дегенмен, министр Қазақстан мұнайға қатысты болжамын қайта қарай қомайды деп отыр. Бірақ экономика қалай да тежелмек. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Егер ОПЕК келісімі болмаса, мұнай бағасына басқа да арналарға теріс әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, олай болмайды деп үміттенеміз. Бізде бағаның мұнайға әсері тікелей емес. Бізде мұнай бағасын 40 доллар деп салғанда, өсім 1,9 пайыз болды. 10 пайызға мұнай бағасы төмендесе, біздің өсім 10 пайызға түседі деген сөз емес.