Астанаға «ЭКСПО-2017» аясында еріктілердің кезекті ауысымы келіп жетті

Астанаға «ЭКСПО-2017»  аясында еріктілердің кезекті ауысымы келіп жетті
04 шілде, 20:00

ЭКСПО-да қызмет көрсетуге ынталы еріктілердің кезекті ауысымы Астанаға ат басын тіреді. Алматыдан келген үш жүзге тарта жас көрмеде маусым айында қызмет көрсеткендерді алмастырады.

Олардың әрқайсысы бекітілген критерийлер бойынша іріктеумен алынды. Айта кетсек, еріктілердің жасы 18-ден кем емес, 3 тілді жетік меңгерген болуы қажет. Елордаға келмес бұрын, жастар арнайы семинар-тренингтерге қатысып, оқытылған. Еріктілердің басты мақсаты - ЭКСПО көрмесі кезінде қонақтарға көмек беріп, белсенділік таныту. Жастардың жұмысына балдық жүйемен баға берілетін болады. Ең көп ұпай жинаған еріктіге кәдесыйлар ұсынылмақ.

Айдана Бұрхан, ерікті:

Осындай ауқымды шараның басы-қасында болатынымызға өте қуаныштымыз. Бұл менің Астанаға алғаш рет келуім. ЭКСПОның арқасында елордамызды көрдім.