Астанаға 22 жыл бұрын көшіп келген шымкенттік түрік баласының сұхбаты

 Астанаға 22 жыл бұрын көшіп келген шымкенттік түрік баласының сұхбаты
08 шілде, 20:00

Осыдан 22 жыл бұрын туған қаласы - Шымкентте жоғары оқу орнын аяқтағасын Сарыарқа төсіне көшіп келген Әскер Пириев қазір түріктердің этномәдени орталығын басқарады. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі.Келген жылдары қаланың мүлдем ұнамағанын, бірақ намысқа тырысып ауылына қайтпай жүргенінде қалаға қалай бауыр басқанын білмей де қалғанынан бастап, Астананың аз ғана уақыт ішінде мемлекетіміздің саяси әкімшілік орталығына айналғанына, маңызды бастамаларымен әлемдегі ролі артқанына, астаналық мәдениет, деңгей қалыптасқанына тоқталды. ЭКСПО көрмесіне мәжбүрлі түрде билет алып, соған ренжіп-ашуланған кейбір азаматтардың кейін көрмені тамашалап, Астананы аралағасын, сол билет сатқандарға «рақмет айтамыз» дегендерін өз құлағымен естігенін әңгімеледі. Сонымен бірге қазақ тілін дамыту үшін балабақшалар жаппай қазақ тілінде тәрбие беруі керек деген позицияны ұстанады. Жалпы, Қазақстанды «Отаным» деп санайтын азамат үшін қазақ тілін білу - заң ғой, дейді Әскер.