National Geographicтің «Алып құрылыстар: Астана - болашақтың қаласы» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті

National Geographicтің «Алып құрылыстар: Астана - болашақтың қаласы» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті
08 тамыз, 20:00

Бүгін ЭКСПО көрмесі аясында National Geographic арнасы түсірген «Алып құрылыстар: Астана - болашақтың қаласы» фильмінің премьералық көрсетілімі өтті. Аталмыш картина арнаның мәдени серияларына да енген. Бұған дейін тек Бурдж-Халифа, Дубай, Куала-Лумпур сынды алып қалалар құрметіне осындай туындылар түсірілген еді. Картина авторлары аз ғана жылдың ішінде бой көтеріп, екі жүз мыңға жуық тұрғыны бар қаладан "миллионер" қала атанған қала картинасын сауатты жеткізген. Енді ол әлемнің 180-ге жуық мемлекетінде әлемнің 30 тіліне аударылып көрсетіледі.

Дебора Армстронг, NATIONAL GEOGRAPHIC арнасының атқарушы вице-президенті:

Қазақстан астанасындағы керемет құрылыстар мен зәулім ғимараттар елдің өзге де қалаларында бар екеніне күмәніміз жоқ. Біз аз уақытта осындай керемет қалаға айналған Астанаға еріксіз таңдай қақтық. Болашақта Қазақстанның басқа да қалаларын аралап, өз арнамызға жаңа туындылар жинақтап қалуымыз да мүмкін.