Лотос алаңы Атырау облысының жаңа туристік брендіне айналмақ

Лотос алаңы Атырау облысының жаңа туристік брендіне айналмақ
08 тамыз, 20:00

Лотос алаңы Атырау облысының жаңа туристік нысанына айналды. Биыл күннің тым ыстық болуынан өсімдік бірнеше апта бұрын гүлдеді. Сондықтан қала халқы мен қонақтары бүр жарған әсем гүлді қазірден тамашалай алады.

Қызыл кітапқа енгізілген гүлдің екі бірдей алқабын Құрманғазы аңшылық шаруашылығының өкілдері анықтаған. 300 және 500 метр аумақтағы алқап Түркі ұсақ қопасында орналасқан. Мамандардың айтуынша, бұл Атырау облысында сирек кездесетін құбылыс. Бұрын ол Волга суының жайылымдарында байқалған. Экзотикалық өсімдік 10-15 күндей гүлдейді. Ал плантацияны алғаш болып туристер де көрді. Сондықтан бұл лотос алқабы мұнайлы өлкенің брендіне айналуы мүмкін.

Александр Ивасенко, Атырау облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының директоры:

Лотос плантациясын көрсетумен туризмді ұйымдастыруға болады. Ол тамызда бүр жарады. Әдетте 25-25 тамыздарда, айдың аяғында гүлдейтін. Биыл тым ерте бүршік жарды. Бәлкім, бұл климаттық өзгерістермен байланысты болар, өйткені күн қазір қандай ыстық екенін көріп тұрсыздар. Біз бұл жерде 6 тамыз күні болдық, сол кезде-ақ плантация гүлдеген.