Ішкі істер министрлігінің қызметтік тексерісі көп күттірмеді

Ішкі істер министрлігінің қызметтік тексерісі көп күттірмеді
11 тамыз, 20:00

Ішкі істер министрлігінің қызметтік тексерісі көп күттірмеді. Бүгін қарулы қақтығысқа қатысқандар мен Ішкі істер департаменті басшысының орынбасарлары қызметтерінен босатылды. Аймаққа арнайы барған министрдің бірінші орынбасары Марат Демеуовтың жетекшілігімен тәртіптік кеңес осындай шешім қабылдады. Ішкі істер департаментінің кадрлық жұмыс және қызмет жөніндегі орынбасарлары қызметтен кетті. Ал басшының бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.