Елбасы Швейцария Конфедерациясының президенті Дорис Лойтхардпен кездесті

Елбасы Швейцария Конфедерациясының президенті Дорис Лойтхардпен кездесті
11 тамыз, 20:00

Қазақстанда Швейцарияның 300-ге жуық кәсіпорыны бар. Әр салада қызмет етіп келе жатқан олардың саны болашақта артуы мүмкін. Бүгін Швейцария Конфедерациясының президенті Дорис Лойтхардпен кездескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Елбасы қазір қос ел арасындағы алыс-беріспен экономикалық және мәдени байланыс жақсы деңгейде дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ болашақта да аталмыш әріптестік өркен жаятынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сіздің мемлекетіңіз - Қазақстанның Еуропадағы аса маңызды әріптестерінің бірі. Біз бұл қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Сондықтан әріптестіктті арттыруға да ниеттіміз. Екі ел арасында сауда-саттық пен алыс-беріс артып келеді. Біз Швейцария бизнесін біздің елде де өркен жаятынына сенімдіміз.