Әуе керосинінің өндірісі 20,5 пайызға төмендеді

Әуе керосинінің өндірісі 20,5 пайызға төмендеді
11 тамыз, 20:00

Қазақстан алғашқы жартыжылдықта мұнай өндеуді 5,4 пайызға арттырды. Елдің үш мұнай өңдеу зауыты маусымға дейін 7 миллион тоннадан артық мұнай өңдеген. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Атырау зауыты 6 айда 2,5 миллион тонна, Павлодар мұнай-химия зауыты 2 миллион 649 мың тонна, Шымкент зауыты 1 миллион 896 мың  тонна өңдеген.

Зауыттар алғашқы жырты жылда 1,5 миллион тонна бензин өндірген. Ол 2,4 пайызға артық. Дизель өндірісі 4,9 пайызға артып, 2 миллионнан аса тоннаға жеткен. 1,5 миллион тонна мазут өндірілген. Ол да 11,1 пайызға жоғары. Дегенмен, әуе-керосинінің өндірісі 20,5 пайызға кеміген. Барлығы 110 мыңнан аса тонна шығарылған.


Ол «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің наурыздан бері жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты қысқарған. Дегенмен, олар екінші жартыжылдықта олқылықтың орнын толтырмақ.