Португалия өртті ауыздықтау үшін Еуропалық одақтан көмек сұрады

Португалия өртті ауыздықтау үшін Еуропалық одақтан көмек сұрады
14 тамыз, 20:00

Португалия көмекке мұқтаж. Тілсіз жауды өз беттерімен ауыздықтай алмай жатқан ел билігі Еуропалық одақтан көмек сұрады. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлады.

Португалияда орман өртінің басталғанына бірнеше апта болды. 7 мыңға жуық өрт сөндіруші отты ауыздықтауға тырысып жатыр. Бірақ табиғи апат бой берер емес. Өрт деректері бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткен. Тек сенбі күні ғана 268 факт тіркелген. Коимбра окургы мен елдің орталығындағы бірнеше муниципалитетте төтенше жағдай жарияланған. 72 мың гектар аумақ өртеніп кеткен. Бұл Еуропадағы биылғы ең ірі өрт болып отыр. Ал синоптиктер болжамы жақсы емес. Алдағы үш күнде күн ысып, жел үдемек. Маусымда тұтанған өрт 64 адамның өмірін жалмап кетті.