Түзетулердің арқасында салықтық тексерулер мен оның айналасындағы дау-дамайлар саны азаяды - Р.Дәленов.

Түзетулердің арқасында салықтық тексерулер мен оның айналасындағы дау-дамайлар саны азаяды - Р.Дәленов.
14 тамыз, 20:00

Қазақстандық салық төлеушілер арнайы топтарға бөлінеді. Бұл туралы Салық кодексі жобасының таныстырылымында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары айтты.  Оның ақпаратынша, салықтық тексерулер үш бағытта жүргізіледі. Адал салық төлеушілерді тексермей, орташа салық төлеушілер тобын ішінара, ал «қызыл» топқа түскендер толық тексеруге алынады. Кімнің қай бөлікке жататындығының нақты ережелері белгіленбек. Сонда бизнесмен «жасыл» аймақтан көрінуге ұмтылатын болады, - дейді Руслан Дәленов.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

Түзетулердің арқасында салықтық тексерулер мен оның айналасындағы дау-дамайлар саны азаяды деп ойлаймыз. Әрбір салық төлеуші қауіптің қай деңгейінде тұрғанын, өз деңгейін көтеру үшін не істеу қажеттігін, бұдан қандай пайда көретінін біле алады. Мәселен, егер салық төлеуші қауіптің төмен деңгейінде тұрса, салық төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады, айыппұлдары төмендейді және оның есепшотына тыйым салынбайды және өзге де артықшылықтарға ие болады.