Испаниядағы терактіден қаза болғандар саны 15-ке жетті

Испаниядағы терактіден қаза болғандар саны 15-ке жетті
21 тамыз, 20:00

Испанияда болған теракт құрбандарының саны 15-ке жетті. Бұл туралы бүгін Каталонияның ішікі істер бойынша кеңесшісі Хоаким Форн мәлімдеді. Ал, Хоаким Форнның айтуынша, тағы бір мәйіт Сан-Жуст-Десверн муниципалитетінде автокөліктің ішінде табылған. Тергеушілердің дерегінше, Юнес Абуякуб есімді көлік жүргізушісін күдікті көлікті айдап кету үшін бауыздаған. Католония полициясы тергеу кезінде Абдельбаки эс-Сатти есімді имамның Барселона мен Камбрильстегі текрактіге қатысы барына дәлел тапқан. Альканардағы жарылыстан соң оны мәйіті табылған.

Еске салайық, бұған дейін 13 адамның өлімін ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алған болатын. Барселонадағы Рамбла жаяу жүргіншілер алаңындағы туристерді микроавтобус жаншыған. 100 адам зардап шекті. Олардың арасында 25 елден келген турист бар.