Абай Құнанбаевтың туғанына 172 жыл толуына тағылымды шара өтті

Абай Құнанбаевтың туғанына 172 жыл толуына тағылымды шара өтті
23 тамыз, 20:00

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды, қазақ халқын әлемге танытамыз». Елбасының осы сөзі бүгінгі таңда уақытпен дәлелденді. Бүгін Абай Құнанбаевтың туған күнін атап өткен Астана жастары «Абай әлемі және рухани жаңғыру» деп аталған іс-шарада біртуар кемеңгер ойшылдың туындыларын нақышына келтіріп орындады. Сондай-ақ ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл шара "халықтың ақын туындыларына деген қызығушылығын одан әрмен арттыру үшін жасалып отырған игі қадам" дейді ұйымдастырушылар.

Ержан Еңсебаев, Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:

Жалпы қазіргі таңда Абайды оқымаған адам кем де кем деп ойлаймын. "Абай жолын", Абай мұрасын, Абай шығармаларын жастарымыздың басым көбі жақсы меңгерген ғой. Әрине, 1-2 сағат ішінде бар халыққа Абай мұрасын насихаттап жіберу мүмкін емес. Біздікі бастысы - жол бастау, жол сілтеу.