"Астана" мен "Селтик" клубтарының арасындағы қарымта ойын 4:3 есебімен аяқталды

"Астана" мен "Селтик" клубтарының арасындағы қарымта ойын 4:3 есебімен аяқталды
23 тамыз, 20:00

"Астана" чемпиондар лигасы аясында шотландиялық Селтикке қарсы өткен ойынды жеңіспен аяқтады. Алайда, сырт алаңда оңбай ұтылған жерлестеріміздің топтық кезеңге шығуға мүмкіндігі болған жоқ. Қарсылас өз алаңында-ақ ойын тағдырын шешіп тастағандай болған. Алайда, "Астана" өз алаңымызда сауатты ойын көрсетіп, есеп айырмасын қысқарта түсті. Не бары 27-ші минутта допқа талас кезінде Айер өз қақпасына гол соғып алды. Артынша Синклер таразы басын теңестіре алған. Есеп 1:1. Мұнан соң, Мужиков бір, Твумаси екі гол соғып, есеп 4:1-ге жетті. Шотландықтар да есін жиып, 82 және 90-шы минуттарда екі бірдей гол соқты. Есеп 4:3. Астана алда, алайда қос ойын қортындысы бойынша келесі кезеңге "Селтик" жолдама алды. Енді «Астана» Еуропа лигасында ойын көрсетеді. Қарсыластар осы жұма күні белгілі болады. 

Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері:

Сөз жоқ, бүгін керемет футбол кеші болды. Футболда қашан да күтпеген жағдай болатынының тағы бір куәсі болдық. Әсіресе, ойынның екінші кезеңі көпшілікке ұнаған болу керек. Есеп 4:1 болған кезде, жеңіске бір табан жақын қалып едік. Алайда, ойын немен аяқталғанын өздеріңіз де көрдіңіздер.