Фируза Шарипованың чемпиондық атаққа таласатын кездесуіне 2 күн қалды

Фируза Шарипованың чемпиондық атаққа таласатын кездесуіне 2 күн қалды
24 тамыз, 20:00

Тура екі күннен соң Қазақстаннан шыққан қыздар арасындағы тұңғыш кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова жеңіл салмақтағы WIBA және WBU чемпиондық титулдары үшін болгариялық Милена Колевамен жұдырықтасады.

Бокс ЭКСПО көрмесі аясында өтетіні белгілі. Осыған дейін дайындық жұмысытары Мәскеуде өткен болатын. Қазір Шарипованың командасы кездесуге тас-түйін дайын отыр. Бүгін боксшы қыз халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында өз жанкүйерлерімен жүздесті. Көрермен алдында дайындығын бір пысықтап, алдағы жоспарларымен де бөліскен ол, қалай да жеңіске жетуге тырысатынын айтты.

Фируза Шарипова, кәсіпқой боксшы:

Мен қазір тас-түйін дайынмын деп айта аламын. Жақындарыммен жанкүйерлерімнің қолдауын да сезіп тұрмын. Жаңағы дайындық барысын да өздеріңіз көрдіңіздер. Бәрі де тамаша өтті. Енді шаршы алаңдағы кездесуді күтемін. Қарсылас та осал емес, оны жан-жақты зерттедік. Қалғанын алдағы уақытта көреміз.