«Ғасыр кездесуі» деп аталған бокс кешіндегі Мейвезердің гонорары 100 миллион долларды құрап отыр.

«Ғасыр кездесуі» деп аталған бокс кешіндегі Мейвезердің гонорары 100 миллион долларды құрап отыр.
28 тамыз, 20:00

Кіші Флойд Мейвезер енді АҚШ тағы соңғы жекпе жегінен кейін тарихта жеңілістің кермек дәмін татпаған боксшы ретінде қалды. Өзінің 50-ші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған боксшы енді шаршы алаңға шықпаймын деп кесіп айтты. Кәсіпқой бокста 50-рет жеңіске жеткен ол соңғы кездесуінде МакГрегордан мықты екенін дәлелдеп берді.10-шы раундта қарсыласын соққының астына алған Мейвезерді тек шаршы алаңның төрешісі тоқтата алды.  Ол енді өзін бапкер ретінде сынап көрмек. «Ғасыр кездесуі» деп аталған бокс кешіндегі Мейвезердің гонорары 100 миллион долларды құрап отыр. МакГрегор болса, 30 миллион доллар еншілейді. Енді 2 аптадан кейін дәл осы Т-Моbile аренада жерлесіміз Геннадий Головкин мексикандық Сауль Альвареспен жұдырықтасады.

Ал, АҚШ-тың басқа бөлігінде біздің теннисшілер өнер көрсетеді. Бүгін Михаил Кукушкинды маңызды кездесу күтіп тұр. Рейтинг бойынша біздің жерлес 102-ші орында тұрса, испандық 25-ші орынға табан тіреген. Оның үстіне соңғы кездесуде Кукушкин Давид Феррерге барлық 7 есеп беру кездесуде жеңіліп қалған еді. Ал, Юлия Путинцева ертең ресейлік София Жукке қарсы ойын өткізеді. Соңғы кездесуде Путинцева Ализа Корнеге қарсы өткен ойында 0:6 есебімен есе жіберген еді.

Крис Фрум болса гран-турдың соңғы маусымында өз орнын айшықтай түскендей. «Sky» капитаны велокөпкүндіктің 9-шы кезеңін жеңіп, бір күндік демалысына кетті. Британдық шабандоз алыс қашықтыққа келгенде мықты екенін көрсетті. Өз күшін орынды пайдаланған ол 2 рет шешуші кезеңде бірінші келді. Ал, «Астана» командасының үздігі Фабио Ару мәре сызығын 11-ші болып өтті. Италияндықтар Фрумадан 1 минут 33 секундқа кешігіп келеді.