3 қыркүйек күні "Алтын тұлпар" аламан бәйгесі өтеді

3 қыркүйек күні "Алтын тұлпар" аламан бәйгесі өтеді
31 тамыз, 20:00

Астанада 3 қыркүйек күні "Алтын тұлпар" аламан бәйгесі өтеді. Дүбірлі жарыс «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырыладыБылтыр бір айналым 12.5 шақырым болса, биыл ол қысқартылып, әр айналым 7 шақырымды құрайды. Жарыс жолының бойына әрбір 2 шақырым сайын барлығы 7 бақылау бекеті орналасады. Аламан жарысқа еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүліктен қатысады.

«
Алтын тұлпардың» бас бәйгесі - 10 миллион теңге. Алдыңғы келген тоғыз жүйрікке бәйге бар. Атбегілер тұлпардың бағы мен бабын сынау үшін 95 мың теңге жарна төлеп тіркеледі. "Алтын тұлпар" осымен төртінші мәрте өткелі отыр.

Қаныбек Жұмашев, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Төрт жылдық тарихы бар. Оңды-солды мәселелерін бәрін зерттеп, зерделеп жүрміз. 7 рет айналған тиімді ме екен, биыл көреміз. Осылай-осылай зерттей келе, халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Бекболат Тілеухан, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

Таңертең үйден шай ішіп үлгермей, ашқұрсақ келіп, қаны қызған соң қарны ашып қалады ма деп, ас беру мәселесін қолға алып жатырмыз. Тегін ас берілетінін айырықша айта кеткім келеді.