Президент Польша басшысымен кездесті

Президент Польша басшысымен кездесті
06 қыркүйек, 20:00

Польша президентінің Қазақстанға сапары қазақ-поляк қарым-қатынасына жаңа серпін береді. Бүгін Ақордада ел президенті Анджей Дудамен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осындай сенім білдірді.

Президент поляк басшысын салтанатты түрде қарсы алды. Екі ел арасындағы 25 жылдан бері орнаған әріптестік үзілмей, экономикалық ынтымақтастыққа ұласып отыр. Қазір Қазақстанда 115 поляк кәсіпорны жұмыс істеп жатыр. Құйылған тікелей инвестиция көлемі 200 милллион долларды құраған. Тараптар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Президенттердің кездесуі қазақ-поляк бизнес-форумына ұласты.