Астанада Ислам қаржыландыруы бойынша жаһандық «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) сыйлығын табыстау салтанаты өтті

Астанада Ислам қаржыландыруы бойынша жаһандық «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) сыйлығын табыстау салтанаты өтті
06 қыркүйек, 20:00

Қазақстанда ислам банктерінің қаржысын тартудың салмақ үлесі не бары 5 пайызды құрайды. Дегенмен, бұл көрсеткіш ТМД мемлекеттері ішінде ең алдыңғы қатарда. Бұл туралы Астанада Ислам қаржыландыруы бойынша жаһандық GIFA сыйлығын табыстау салтанатында GIFA сыйлығының негізін қалаушы Хумаен Дар мәлімдеді.

Салтанатты шара Астанада өтіп жатыр, оған 20-дан астам мемлекеттен 200-ге жуық мәртебелі мейман келген. Олардың ішінде Джибути Республикасының президенті Исмайл Омар Гелле және Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов бар. Жалпы, GIFA аясында «Үздік банкир», «Үздік ислам банкі», «Үздік ислам қаржыландыру компаниясы» сынды 50 категория бойынша сыйлық беріледі. GIFA-ның жаһандық сыйлығы биыл Джибути Республикасының президенті Исмайл Омар Геллеге бұйырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан 2009 жылдан бері ислам қаржысын енгізуде ТМД мен Орта Азияда көшбасшы болып келеді. Рейтерс агенттігінің соңғы зерттеуіне сәйкес, Қазақстан Ислам инвестициясы үшін қолайлығы жағынан 5-ші орынға ие болды. Бұл рейтинг Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткізіледі.

Исмайл Омар Гелле,  Джибути Республикасының президенті:

Ислам қаржыландыруы барысындағы осындай сыйлыққа ие болу - мен үшін зор мәртебе. Бұл менің елімнің арқасы. Бұл кәсіпкерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік мекемелердің көп жылғы екпінді еңбегінің арқасы. Олардың барлығы ислам қаржысы біздің ел экономикасының дамуына тиімді екеніне көз жеткізген.