Өзбек «валютчиктері» күрсініп отыр. Көрші мемлекеттегі ұлттық валюта девальвациясы.

Өзбек «валютчиктері» күрсініп отыр. Көрші мемлекеттегі ұлттық валюта девальвациясы.
09 қыркүйек, 20:00

Өзбекстанның ұлттық валютасын девальвациялағаны туралы бірер сөз. 1 АҚШ долларына шаққанда сомның деңгейі 4,2 мыңнан 8,1 мыңға өсті. Бұл экономика үшін шок болған жоқ, себебі ресми бағам өтірік болатын. Кәсіпкерлер де, шенеуніктер де, халық та қара базар курсына арқа сүйейтін. Сондықтан девальвация қара базарды заңдастыру шарасы деуге болады. Сондықтан халық тіпті кедейлене түспейді. Екіншіден ақша айырбастау, ақша аударымдарына, оның көлеміне байланысты шектеулер жойылып, тіршілік жеңілдейді. Біз үшін де жабайы көрінетін нәрселер бар негізі, соның бірі - осы валютаның нарығы етін. Сарапшылар елімізге тікелей ықпалы соншалықты керемет болмайтынын айтады. Ал шетелдікірі инвестицияларға талас мәселесіне келсек:

Меруерт Махмұтова, сарапшы:

Өзбекстанның экономикасы біздің экономикаға қарағанда, олар тікелей шикізатқа ғана қарап отырған жоқ. Диверсификация дейді ғой, бізде көп айтылды, бірақ көп іске аса қойған жоқ, өзбектердің экономикасы бізге қарағанда сол жағынан тұрақтылау. Бірақ оларда біздікі сияқты көп жекешелендіру бола қойған жоқ. Көбі үкіметтің қолында.

Қысқа қайырғанда, егер Өзбекстанда ауқымды жекешелендіру басталса, сонымен бірге бізге қарағанда сан-салалы болып келетін экономикасына инвестиция құюға тартымды климат жасаса, шетелдік инвестициялық қаржының молынан құйылатыны сөзсіз. Бірақ «бізді шаң қаптырып кетеді» деп күндеу күлкілі, әрі деңгейі төменнің әңгімесі. Айтпақшы, Өзбекстандағы «валютчиктер», олар арқа сүйеген шенеуніктер аһ ұрып отырған шығар. Репаблик басылымының мақаласы бойынша шет мемлекеттерде, оның ішінде Ресейде жүрген өзбек мигранттарының үйлеріне жіберетін миллиардтаған доллар табысының белгілі-бір бөлігіне бұрынғы президент марқұм Ислам Каримовке жақындар иелік еткен.