Көмір бағасы басқа аймақтарда да шарықтап кетті

Көмір бағасы басқа аймақтарда да шарықтап кетті
08 қыркүйек, 20:00

Көмір бағасы басқа аймақтарда да шарықтап кетті. Қыс тақағанда бұл жағдай неге жылда қайталана береді? «Біздің уақыт» апталық-сараптамалық бағдарламасына материал әзірлеп жатқан Қызылжардағы тілшіміз мұның себептерін анықтады. Абзал, қандай ақпараттармен бөлісе аласың?

Абзал Құрманкин, тілші:

Иа, Ләйлә, қызылжарлықтар солтүстіктің қақаған қысына дайын болу үшін отынмен қамдануға кірісті. Көмір биыл темір жол тарифінің қымбаттауына байланысты елдің түкпір-түкпірінде біршама өскен болатын. Мәселен, Қызылжарда шикізат бағасы 13 мың теңгеге дейін қымбаттады. Алайда, баға мәселесін былай қойғанда, қазір өңірде кей көмір түрінің тапшылығы да байқалып отыр. Көпшілік сұранысына ие Шұбаркөл көмірі қазір бұқараға жетпей жатыр.

Дайыржан Біләлов, Петропавл қаласының тұрғыны:

Қалада Шұбаркөл көмірі жоқ. Нені аласың? Қаражыраны аласың. Ол болмаса, Екібастұзды аласың, ол түк жанбайды. Отынды аласың, ол да қымбат. Аяз болғанда жүз, жүз мыңнан артық керек ақша.

Вагон жетіспеушілігі қашан жойылады? Қыс таяғанда қызылжарлықтар көмірсіз қалмай ма? Бұл жайында мен хабарлаймын. Ләйлә.

Рахмет, Абзал Құрманкин әзірлеген материалдың толық нұсқасын ертең 20-00-де "Біздің уақыт" бағдарламасын қарай аласыздар.