Қазақстан Азия инвестициялар банкінен қарыз алуға ниетті

Қазақстан Азия инвестициялар банкінен қарыз алуға ниетті
13 қыркүйек, 20:00

Қазақстан Азия инвестициялар банкінен төмен пайызбен қарыз алуға ниетті. 2015 жылы құрылған банктің ерекшелігі теңгемен қарыз бере алады. Үстемесі 1-1,5 пайыздан аспайды. Тиісті заң жобасын мәжіліс депутаттары бір ауыздан мақұлдады. Банк жарғылық капиталы 100 миллиард АҚШ долларын құрайтын халықаралық қаржы институты болып табылады. Экономика министрінің сөзінше, штаб пәтері Бейжіңде орналасқан банк ауқымды энергетикалық жобаларды қаржыландыра алатындығымен ерекшеленеді. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Мысалы, біз электр станцияларын салғымыз келсе, басқа банктер қаржы бере алмас еді. Ал бұл банктің тағы бір артықшылығы - ұлттық валютамен қарыз бере алады. Біздің жағдайда ол - теңге. Сырт ел валютасымен қарыз алғанда, «валюталық қауіп» деген түсінік бар, яғни ол қымбаттап кетсе, қарыз көлемі артуы мүмкін.