Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады
27 қыркүйек, 20:00

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады. Заң жобасын Мәжілісте Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин таныстырды. Енді аталған мұсылман елінің заңын бұзып, сол жақта сотталған Қазақстан азаматтары жазасын елде өтей алады. Бұл Қазақстанда сотталған арабтарға да қатысты. Алайда, бұл нормалар азаматтықтан айырылғандарға қатысты емес. Сонымен қатар, егер сотталған азамат мемлекеттің қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке қауіп төндірсе, елге қайтырылмайды,-деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Егер жазасын өтеуші әскери не саяси қылмыс жасаса, ол сұраған тарапқа берілмейді Келісімге сай, сотталған адам сұраған тарапқа мына жағдайларда беріледі: егер ол сол елдің азаматы болса, сот үкімі нақты болса, үкім шығарған елдің шағым процедураларына қатысы болмаса және жазасын өтеуші өзі келіссе ғана аударылады. Бұл келісім үлгілік. Дәл осындай келісімді Қытай, Италия, Румыния, Түркия, Венгрия, Сербия, Иран және Литвамен жасастық.

Бүгінде Сауд Арабиясында сотталған Қазақстан азаматы, ал Қазақстанда жазасын өтеп жатқан араб азаматы жоқ көрінеді.