Маңғыстау облысында үш ауысымда оқу жайы оң шешілетін болды

Маңғыстау облысында үш ауысымда оқу жайы оң шешілетін болды
05 қазан, 20:00

Маңғыстау облысында су жаңа 8 мектеп бой көтереді. Бұл аталған өңірдегі үш ауысымды білім беру мәселесінің түбегейлі шешілуіне сеп болмақ. Мәселе «Нұр Отан» партиясы филиалында өткен қоғамдық тыңдауда көтерілді. Білім беру саласындағы түйткілдерді мәслихат депутаттары, мектеп директорлары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері талқылады. Мамандар оқулық жетіспеушілігін болдырмау үшін бірқатар шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Биылғы жаңа оқу жылында ата-аналар кей пәндер бойынша кітаптарды өз қаражатына сатып алған.

Тілектес Болатбаева, «Нұр Отан» партиясы МОФ жанындағы сараптамалық комиссия жетекшісі: 

Өзекті мәселе болып отырған - инклюзивті білім беру. Мүгедек жандар, мүгедек балаларға мектептерде, басқа жерлерде жағдайын жасау. Орталықтарға барғанда да түрлі, мәселен, пандус мәселесін шешу, өз жеке мәселелерін шешуге көмектесу мәселелері қаралады.