Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысына қатысты

Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысына қатысты
11 қазан, 20:00

Бүгін Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысына қатысты. Елбасы сөйлеген сөзінде ТМД-ға мүше елдердің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуда осы ұйымның ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын қайта қарап, жаңа іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті достастық елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту мәселелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

ТМД аумағында қызмет көрсетудің еркін саудасы бизнесмендеріміз үшін зор мүмкіндіктер туғызып, елдеріміздің сауда-экономикалық кооперациясын жаңа деңгейге шығарады. Үкіметтер басшыларының кеңесі мен Атқарушы комитетке Қызмет көрсетудің еркін саудасы туралы келісім жобасы бойынша жұмысты жандандырып, оны жуық арада қабылдауды тапсыруды ұсынамын.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының осы ұйымға төрағалығының нәтижелі болғанын айтып, келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Тәжікстан Республикасына табыс тіледі.