Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды
16 қазан, 20:00

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады. Министр сұйық отын нарығындағы ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы жөнінде есеп берді, - деп хабарлайды Ақорда. Президент жанар-жағармайға қатысты ахуалды тұрақтандыруға бағытталған шаралардың тиімділігі төмен болғанын атап өтті. Ал Бозымбаев Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы туралы мәлімдеді. Айтуынша, жұмыстар биыл аяқталады. Қарашада Павлодардағы зауытты іске қосу жоспарланған. Атырау зауытындағы жұмыстарды 16 желтоқсанға дейін аяқтау көзделген. Президент нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елде орын алған жағдай Үкімет пен Энергетика министрлігі тарапынан немқұрайлылық пен жауапсыздыққа жол берілгенін көрсетіп отыр. Үкіметтің ұсынысы бойынша сізге сөгіс жарияладым. Бұл негізі төтенше жағдай. Президенттің министрге сөгіс жариялауы. Бұл қызметтен босатылғанмен тең.