«Нұр Отан» партиясының жаңа хатшысы болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды

«Нұр Отан» партиясының жаңа хатшысы болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды
31 қазан, 20:00

«Нұр Отан» партиясының хатшысы болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Жаңа хатшыны Орталық аппарат ұжымына саяси ұйым Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед таныстырды. Ал Зауытбек Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне ауысты.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.  Бірқатар агенттіктерді басқарған. Сондай-ақ Премьер-министр Кеңсесінің жетекшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Шымкент қаласының әкімі болды. Көптеген жаңашылдықтар енгізуге құштар азамат жуырда ғана оңтүстіктегі шенеуніктерді қызметтік көліктен түсіп, жұмысқа қоғамдық көлікпен баруға міндеттегенімен есте қалды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ