"Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!"

"Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!"
31 қазан, 20:00

"Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!" Астанада осындай атаумен жас ақындар мүшәйрасының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Мүшәйраның өтуіне бастамашы болған - Астана қаласының әкімдігі. Жыр сайысына еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық жас ақындар қатысты. Мүшәйра жеңімпаздарын елімізге белгілі азаматтар марапаттады. Олардың қатарында ақын Несіпбек Айтұлы, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл мен қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы және басқа да зиялы қауым өкілдері бар.

Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов мүшәйраның алғаш рет өткізіліп жатқанын және маңыздылығын айрықша атап өтті. Сондай-ақ бұл сайысты келер жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отырғанына тоқталды. Ал 2018 жылы өтетін жыр мүшәйрасы Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналмақ. Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған 30 ақынның өлеңдері кітап болып жарыққа шығарылды және 10 жүлделі орын анықталды. 1 орынды иеленген ақынға 300 мың, 2 орынға  200 мың теңгеден екі жүлде тағайындалды. Ал 3 үшінші орын алған азамат 100 мың теңге сыйлыққа ие болды. Және де 4 үздік ақынға 50 мың теңге табысталды. Шара соңы гала-концертке ұласты.