Қызылордалық шаруалардан берілген субсидияны кері қайтаруды талап еткен

Қызылордалық шаруалардан берілген субсидияны кері қайтаруды талап еткен
06 қараша, 20:00

Қызылорданың кейбір кәсіпкерлері мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттен алған субсидияларын қайтару керек. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бұл бастамаға қалалық прокуратураның талабы бойынша барғандарын жеткізді. Алайда бұл қаражатты шаруалар қайтармайтын болды. Мәселені Шарипа Сақтапова тарқатады.

Жергілікті шаруа Ерболат Рсалиев мал шаруашалығымен айналысады. Оның соңғы үш жылда мемлекеттен субсидия ретінде алған қаражаты 40 миллион теңге. Бұл қаржыға асыл тұқымды бұқалар сатып алып, оларды бордақылайтын алаңқайды жақсартқанын айтады. Тіпті қарамағындағы жұмысшыларының айлыған көтердім деп отыр. Алайда аталған субсидияны қайтарасын деген хабарды естігенде, төбемнен жай түскендей болды, дейді.

Ерболат Рсалиев, шаруа қожалығының басшысы:

Талаптын барлығын орындадық. Бордақылау алаңымыз талапқа сәйкес келеді, үшінші деңгейлі. Финансовый документтің барлығын үйретті, онын барлығын өткізіп отырдық. Енді келеді де менің основной қолымдағы бүкіл состоянием 40 миллион тұрмауы мүмкін. Олар сиырыңды алып кел деп отыр ғой, малыңды, шаруаңды өткіз мына жерге деп.

"Мемлекет тарапынан демеу ретінде берілген ақша жұмсалды, алайда оны бір мезетте қайтаруға мүмкіншілігіміз жоқ" дейтін шаруалар өңірде баршылық. Олар кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініпті. 

Ғалым Едыгеев, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

Оннан артық шаруа қожалықтарынан арыздар келіп түсті. 2014-2016  жылдары мал шаруашылығын дамытуға алған субсидияларын керу қайтару туралы қойылған талаптармен келіспейтіндерін баяндады. Енді біз өз тарапымыздан бұл бойынша талдау жүргіздік, сегіз кәсіпкердің 26 миллион теңгеге материалдық мүдделерін сот арқылы қорғадық. Бұл жерде айта кететін жайт - осы субсидия беру тәртібін реттейтін құқықтық актілердің өздерінде нақты жазылмағандықтан, осындай мәселелер туындаған.

Мал шаруашылығына берілген субсидия мәселесі мұнымен шешілмеген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, мұндай шешім қабылдауға қалалық прокуратураның тексерісі негіз болды, дейді. Аталған басқарма мамандырылған экономикалық сотына бір ай бұрын тағы бір талап арызын жөнелтеді. Бес шаруа қожалығының бюджетке 110 миллион тенге қаражатын керу қайтару жөнінде. Алайда мәселе аяқ астынан басқаша бет алған. Шикілік құжатта болып шығыпты.

Жанатбек Кенжеғұлов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Алайда ауыл шаруашылық министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, атап айтқанда, ережеде сиыр еті болып көрсетілгенімен, ереженің қосымшасына сәйкес, бұқашықтар еті көрсетілген. Заңды түсіндірме бергеннен кейін қазіргі уақытта ауыл шаруашылық басқармасымен аталған талап арыз кері қайтарылып алынды. Мәселе он шешімің тапты деуге болады.

Десе де, қазір облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тағы бір талап-арыз әзірлеп жатыр. Облыстық прокуратураның тексерісінен кейін су беру қызметін субсидиялау бойынша 400-дей шаруа қожалығына 70 миллион теңге негізсіз берілгені анықталған. Олар өтініш бергенде суармалы су тарифінің бағасына қосымша құн салығын қоса есептеген. Сондықтан басқарма мамандары олар 70 миллионды қайтаруы тиіс деп отыр.

Шарипа САҚТАПОВА