7 жасар ұлын мүгедек еткен ана 5 жылға сотталды

7 жасар ұлын мүгедек еткен ана 5 жылға сотталды
09 қараша, 20:00

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар ұлын мүгедектік жағдайға дейін жеткізді деп айыпталған Ордабасы ауданының тұрғыны 5 жылға сотталды. Ол  жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Сотта 26 жастағы келіншектің бауыр еті баласын шалбарына бүлдіріп қойғаны үшін қатыгездік танытқаны дәлелденді. Сотталушы ұлына ине сұққылап, бетіне ыстық су шашып, басынан ұдайы ұрып-соққанын мойындаған. Сотта келіншектің аяғының ауырлығы мен 1 жасар қызының бар екені ескеріліп, он жылға дейін көзделген жазаның ең төменгі мерзімі белгіленген.

Гүлнұр Сәттарова, ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Толығымен мойындады. Жасаған іс-әрекетіне өкінді. Алайда сотталушының жасаған іс-әрекеті ауыр салдарлар келтірген, сонымен қатар бұл ауыр дәрежедегі қылмыстардың санатына жатады. Сондықтан оны бас бостандығынан айыру жөнінде шешім қабылданды. Аяғы ауыр ма тағы да? -Сотта жүктілігі анықталды. Бірақ жүктілігі, оның кәмелетке толмаған баласының қарамағында болуы, бәрі жеңілдететін мән-жай ретінде оған, яғни 5 жыл көлемінде жаза тағайындалып отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ