«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мен ұйымдастыру жұмыстары жіті қадағалауда - Г.Әбдіқалықова

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мен ұйымдастыру жұмыстары жіті қадағалауда - Г.Әбдіқалықова
09 қараша, 20:00

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мен ұйымдастыру жұмыстары жіті бақылауда. Осылай деген Мемлекеттік хатшы өңірлерде де ұлттық кодты сақтап, жалпыхалықтық бірлікті бекем етуде біраз шаралар қабылданып, жүзеге асып жатқанын айтты. "Бұл өз кезегінде саяси-әлеуметтік жаңғыруды толықтырып, тіпті қоғамдық сананы қалыптастырудың негізі бола алады", - деді Гүлшара Әбдіқалықова. Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тек Қазақстанның қалыптасқан тәжірибесін жинақтап қана қоймай, әлемдік деңгейде озық шыққан модернизациялық процестерді игеруге жол ашады. Бұл ретте ұлттар мен ұлыстардың достығы аса маңызды. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Бір кездегі АҚШ президенті Франклин Рузвельт  «халық киімі бүтін, тамағы тоқ болса да, көңілі жайланбай, тыным таппайды" деген.  Жалпы кім, қандай ел болмасын, оның  рухани байлығы маңызды. Біздің елде болып жатқан сан салалы жаңғырулар адамгершілік құндылықты сақтап, дамытуға жол ашып отыр.