Аслан Жақыпов сотта Қуандық Бишімбаевқа қарсы куәлік етті

Аслан Жақыпов сотта Қуандық Бишімбаевқа қарсы куәлік етті
14 қараша, 20:00

Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов сотта Қуандық Бишімбаевқа қарсы куәлік етті. «Бәйтерек DEVELOPMENT» басшысының бұрынғы орынбасарына да пара алды деген айып тағылған. Ол сотта жағдайды егжей-тегжейлі баяндап берді. Бір кездері "Бәйтерек DEVELOPMENT"-ті басқарған Бақыт Жақсыбаев пен «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің экс-төрағасы Қуандық Бишімбаевтың құрған тұзағына түсіп қалғанын айтады.

Аслан Жақыпов, айыпталушы:

Үш рет 3 млн теңгеден алдым, яғни барлығын қосқанда 9 млн теңге пара алдым.

Кіші Жақыпов пара алғанын мойындап қана қоймай, бұрынғы бастықтары Жақсыбаев пен Бишімбаевтың да одан бас тартпағанын жайып салды. Бұл қылмыстық іске қатысты айыпталған Анарбаев пен Әйтімбетов те сот алдында жауап берді. Олар да кінәсын мойындап отыр.

Еске салайық, 250 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша 23 адам айыпталған. Атышулы істегі басты фигурант ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев пара алу, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу деректері бойынша сотқа тартылды. Экс-шенеунік пен сыбайластары биылғы қаңтарда ұсталған-ды.