Елімізге құйылған жеке инвестиция көлемі артты – Б.Сағынтаев

Елімізге құйылған жеке инвестиция көлемі артты – Б.Сағынтаев
15 қараша, 20:00

Елімізге құйылған жеке инвестиция көлемі артты. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Президетке осылай деп есеп берді. Премьер-министр 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады. Бірнеше көрсеткіштер мен индикаторлар бойынша оң өзгеріс бар екенін атап өтті. «Ішкі жалпы өнімнің өсімі 4 пайызды құрап отыр. Оның ішінде қысқа мерзімді экономикалық индикаторлар бойынша барлық салада өсім бар. Өндіріс 7,5, ауыл шаруашылығы 2,1 пайыз, - деді Сағынтаев. Бірақ соңғысы бойынша көрсеткіштер нақты емес, өйткені  жиын-терім әлі жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Үкіметтің жыл басынан бері атқарып жатқан жұмыс нәтижелеріне тоқталды. Экономиканың түрлі секторындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Қуантарлық жағдай жалпы капиталға инветицияның өсуі, оның ішінде жеке инвестиция өсіп отыр. Республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттен емес, негізгі жеке инвестиция өсіп, егер 6,5 пайыз болса жалпы инвестиция өсімі, соның 5 пайызы - жеке инветиция. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ