Түркістанда ел тарихындағы теңгелер көрмеге қойылды

Түркістанда ел тарихындағы теңгелер көрмеге қойылды
15 қараша, 20:00

Оңтүстіктегі Түркістан қаласында «Тәуелсіздік нышаны - төл теңге» атты көрме ұйымдастырылды. Мұнда әр ғасырларда қолданылған көне ақшалар қойылған.

Соның бірі - әлем бойынша жалғыз үлгісі ғана белгілі болып отырған Шыңғыс ханның атымен Самарқанда соғылған алтын динар. Мұражай қорында сақталған динар, типологиялық тұрғыдан алсақ, әлемдегі жалғыз дана ақша, - дейді ұйымдастырушылар. Ал Жәңгір хан тұсында соғылған мыс ақшаны мамандар бүгінге дейін белгісіз болып келген теңге қатарына жатқызады. Көрмеде қазақ жерінде соғылып, айналымда жүрген өзге де ақша түрлері  мен 1993 жылы айналымға жіберілген теңге банкноттары орын алған.