Мұз қалашығының көлемі мен бюджеті ауа райына байланысты болмақ

Мұз қалашығының көлемі мен бюджеті ауа райына байланысты болмақ
22 қараша, 20:00

Астанадағы мұз қалашығының көлемі мен бюджеті ауа райына байланысты болады. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет және мұрағаттар мен құжаттар басқармасы хабарлады. Елорда шенеуніктері жаңа жылдың сәнін келтіру мақсатында мұздан 6 метрлік Дисней қалашығын салмақшы болғанымен, мерекеге үлгермей жатқандарын айтып отыр. Себебі қарашада күн райының жылылығы кедергі тудырып отырған көрінеді.

Нарима Мұхамбеталина, Астана қаласы  мәдениет және мұрағаттар мен құжаттар басқармасы басшысының орынбасары:

Ол мұз біздің өзеннен алынған, сондықтан біз оның тез қатып қалғанын күтіп отырмыз. Бұл мұз болып қатқан соң, кесектерін алып, аймаққа апарамыз. Ал бюджетке келсек, оны айту қиын. Қазір жұмыстармызға түзетулер енгізіп жатырмыз. Егер кеш бастап жатсақ, тағы да жұмыс күштерін жұмылдыруға тура келеді. Әзірге дәл соманы айта алмаймыз.

Қалалық әкімдік мұз қалашығын салуда кәсіпкерлерге де есік ашқан. Оларға арнайы жер беріп, электр сымдарын өткізіп беруге қолдау көрсетіп отыр. Мысалға, биылғы жылы алғаш рет «Жастар» сарайының алдында мұз айдыны пайда болады. Қазір кәспкерлер ол жерге тұрғындар үшін жылыту орындары мен тамақтану нүктелерін салып жатыр. Мұз айдынының құны 3 сағатқа 1000 теңге болады деп жоспарланып отыр

Артем Беликов, компания өкілі:

Бұл жерге қомақты қаржы құйылды. Мына мұз айдыны 3,5 миллионды құрайды. Бұл мұз таушығы болмақ. Яғни толықтай сумен құйылатын болады. Осы ықшам ауданда қызықтайтын дүниелер аз, сондықтан балалар үшін  барлығын жасап жатырмыз.