«Самұрық-Қазына» трансформация нәтижесінде 61 млрд теңге үнемдеді

«Самұрық-Қазына» трансформация нәтижесінде 61 млрд теңге үнемдеді
23 қараша, 20:00

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобы трансформация нәтижесінде 61 млрд теңге үнемдеді. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сұрағына жауап берген трансформация және активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор Адамас Илькявичюс мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл 130 жоба бойынша жүргізілген жұмыстың көрсеткіші. Және бұл үнемделген сомма трансформация бағдарламасының жалғыз жетістігі емес. Қызметкерлердің ұжымдық мәдениетіне де оң әсерін тигізген. Бұл қаржылық нәтижеге әсер ететінін атап өтті басқарушы директор. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының трансформация бағдарламасы 2014 жылы басталды. Оған «Қазпошта», «Қазақстан Темір Жолы», «Транстелеком», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» сынды 6 компания қатысып жатыр.

Адамас Илькявичюс, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ АҚ трансформация және активтерді оңтайландыру бойынша басқарушы директоры:

Трансформация аясында 130-ға жуық жоба жүзеге асып жатыр. Әрқайсы өз үлесін қосуда. Бүгінде пайда туралы айтсақ, біз 61 млрд теңгеге қол жеткіздік. Бұл компания түсімділігін арттырып, шығындарды қысқартқаннан кейін мүмкін болған жағдай.