Елімізде үкім шыққан істердің 3 пайызы бойынша ғана соттардың билігіне шағым түседі - М. Әлімбеков

Елімізде үкім шыққан істердің 3 пайызы бойынша ғана соттардың билігіне шағым түседі - М. Әлімбеков
24 қараша, 20:00

Елде үкім шыққан істердің 3 пайызы бойынша ғана соттар билігіне шағым түседі. Судьялар одағының төрағасы Мұсабек Әлімбеков сот билігінің тәуелсіздігі талқыланған халықаралық конференцияда осылай деді. Демек, оның айтуынша, халықтың сотқа деген сенімі артқан. 

Мұсабек Әлімбеков, ҚР Судьялар одағының төрағасы:

Жоғарғы сот деңгейіне дейін аз ғана істер шағымданады. Жалпы 3 пайыз істер бойынша соттың билігіне шағым келеді. Қалған 97 пайыз бойынша сот үкімдеріне шағым келмейді. Ол нені көрсетеді? Ол істердің барлығы жабулы қазан күйінде қала береді. Өйткені халық риза, ешкім шағымданбайды. Келіседі соттың билігіне, сол бойынша қалады.

Ал Бас прокурор Жақып Асанов ақтау үкімдерінің аздығын алға тартты. Ақтау үкімдерін арттыру үшін судья, прокурор және тергеушінің құзыретін бір бірінен бөлу керек. Тиісті заң жобасы Парламент қарауында, - деді Бас прокурор.

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

Істің басынан бастап істі сотқа жібергенге дейін, тергеуші бүгінде өз-өзіне қожа. Материалдарды өзі жинайды, оларды айғақ ретінде өзі таниды, өзі күдік тудырады, Қылмыстық кодекс бабын өзі белгілейді, соңғы шешімді қабылдап, айыптау актісін шығарады немесе қылмыстық істі тоқтатады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде немесе біз ұмтылған дамыған 30 елдің бірде бірінде тергеушілерде мұндай құзырет жоқ. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ  

Теги: Үкім, сот, шағым,